Жамбыл облысында Шатыркөл руднигіндегі оқыс оқиға тексерілуде

ТАРАЗ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Шатыркөл кен орнында болған оқыс оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды аймақтық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
None
None

«Жөндеу боксында екі жұмысшы доңғалақтарды жөндеу барысында жарақат алды, - деп түсіндірді Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары Сергей Павлов. - «ТОРО 50 +» жерасты самосвалының баллонын жөндеу барысында қысылған ауаның әсерінен баллоннан диск ұшып кеткен, қатты соққы толқынынан жұмысшылар жарақат алды».

29 жастағы автомобиль жөндеуші слесарь және 22 жасар аккумуляторшы зардап шекті. Қазіргі уақытта олар Шу аудандық орталық ауруханада жатыр.

Аталмыш жағдайға байланысты Жамбыл облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті құрған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Шатыркөл кен орны «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігіне қарайды. Шу ауданындағы Шатыркөл мыс кенішінде он жыл ішінде үш миллион тоннадан астам кен өндірілген.

Соңғы жаңалықтар