11:27, 01 Қазан 2015 | GMT +5
Жамбыл облысында шекара режимін бұзған 67 өзбек ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шекара режимін бұзған 67 өзбек ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының шекарашылары жергілікті көші-қон полициясымен бірлесе отырып «Нелегал-2015» операциясының аясында жүргізген рейдтік шара кезінде Жақсылық елді мекенінде шекара режимін бұзып жүрген Өзбекстан Республикасының 67 азаматын ұстады (мемлекеттік шекарадан 23 шақырым қашықтықта).
Аталған азаматтар Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.