Жамбыл облысында суға кеткен екі адам іздестіріліп жатыр

Байзақ ауданында Талас өзенінде, Түймекент ауылының маңында 24 мамырдан бастап 22 мамырда жоғалып кеткен 28 жастағы азаматты іздеу жалғасуда. ТЖД ЖҚЖ-дан 5 адам, 1 техника жұмылдырылды.
Кешеден бастап Еңбекші ауылына жақын Шу өзенінде екі техникамен сүңгуір-іздеу жұмыстарын ЖҚЖ 12 қызметкері жүргізуде. 27 мамырда 33 жастағы ауыл тұрғыны өзен арқылы атпен өткелде келе жатып, батып кеткен.
Іздеу әзірге нәтиже бермеді, әлі жалғасуда, деп нақтылады ведомстводан.
Төтенше жағдайдың алдын алу комиссиясының таяудағы отырысында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев құтқару қызметін судағы қайғылы оқиғаларды болдырмау бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.
ТЖД деректері бойынша, белсенді алдын алу жұмыстарына қарамастан, жыл сайын су қоймаларында 70-тен астам адам зардап шексе, олардың 15-ке жуығы қаза табады. Жыл басынан бастап су қоймаларында 10 адам суға кетсе, оның 2-еуі балалар.