09:37, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында суға шомылу маусымы басталды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Күннің ыси бастауына орай Жамбыл облысында суға шомылу маусымы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аймақта шомылуға да, балық аулауға да жарамды 100-ден астам шағын және үлкен тоғандар бар. Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, 2008 жылы облыстың су тоғандарында 222 адам зардап шегіп, 21 адам суға кеткен, олардың жетеуі - балалар. 1996 жылы құрылған «Жамбыл облыстық судағы құтқару стансысы» 2009 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің құрамына қосылды. Оның құрамына Тараз, Қаратау, Жаңатас қалаларының құтқару стансалары, сондай-ақ жалпы штаттық бірлігі 45 адамнан тұратын суға сүңгуші құтқарушылар отряды кіреді. 2008 жылы олар 102 адамды құтқарып, 158 рет құтқару жұмыстарына шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Раиса Нұрпейісованың айтуынша, қайғылы оқиғалардың статистикасы суға кеткендердің көпшілігі құтқару стансаларынан тыс аумақтарда опат болатынын көрсетіп отыр. Адамдардың жаз айларында суға батуларының негізгі себептері - мас болып суға түсу немесе белгісіз жерлерге шомылу және малти білмеуден болып отыр.