18:36, 15 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында табиғи шырындар концентраттары өндірілетін болады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2011 жылдан бастап Жамбыл облысының аграршыларында өз аймағындағы көкөніс өнімдерін шырынды концентраттарды өндірумен айналысатын зауыттарға жеткізу арқылы өткізуге мүмкіндік тумақ.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының таратқан ақпаратына сүйенсек, «Тараз тарту» ЖШС-і қазіргі уақытта компьютерлік басқарудағы жоғары технологиялық желілермен жабдықталатын кәсіпорынның құрылысын жүргізуде.
Кәсіпорынның қуаты - күніне 220 тонна шикізат пен айына 50 тонна дайын өнім. Жобалық қуаты - жылына 100 мың тонна өнім.