Жамбыл облысында төрт шекара заставасы салынады

  ТАРАЗ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында төрт шекара заставасы салынады, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінен.
None
None

Бүгінде Тараз шекаралық жасағының «Жасөркен» шекара заставасы ғимараттарының жаңа кешені пайдалануға берілді.

Құрылысы 2011 жылдың желтоқсанында басталған шекара заставасының кешеніне Кедендік одақтың сыртқы шекараларының қорғалуын күшейту аясында қызметтік және тұрғын үй құрылыстары кіреді.

Саясаткерлер мен сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Республикасының оңтүстік шекараларын нығайту Кедендік одақты құрумен және Ауғанстандағы жағдайдың дамуының түсініксіз болашағымен ғана емес, ҰҚШҰ-ның жедел әрекет ететін жүйесін орталық-азиялық аймақтағы ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын жалғыз құрылым ретінде күшейту.

Соңғы жаңалықтар