Жамбыл облысында үнемделген 9 млрд. бюджет қаржысына жаңа жұмыс орындары ашылады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының активі ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын талқылады. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 
None
None

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев келесі жылдың облыстық бюджетін қалыптастыру барысында өңірде мәдени және спорттық шараларды өткізуге арналған ағымдық шығыстар мен көлік пен ғимараттар сатып алуға қаржының қысқартылғанын атап өтті.

«Үнемделген қаржы 9 млрд. теңгені құрайды. Біз бұл қаражатты бірінші кезектегі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге жұмсаймыз. Негізгі басымдық «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын құруға берледі. Алты мыңнан астам жұмыспен қамтылатын болады. Ағымдағы жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, бұған қоса жұмыссыздықты бес пайыздан асырмау үшін белсенді шаралардың арқасында 18 826 адамды жұмыспен қамту жоспарланған еді. Осы жылдың бірінші қарашасында кешенді жоспар 118,1 пайызға орындалып, 22 233 адам жұмыспен қамтылды. Алдағы 2016 жылы облыста жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 19,2 мың адамды жұмылдыру жоспарланып отыр», - деді өңір басшысы.

Өз сөзінде облыста жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру нәтижелеріне тоқталған ол жалпы сомасы 23,6 млрд. теңгені құрайтын 4,2 мыңнан астам нысанның жекенің қолына өткенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар