Жамбыл облысында йодталған тұз өндіретін зауыт іске қосылады

Құны 690 мың теңге жобаны іске асыруды «Асыл Тұз» 2015 жылы бастаған. Құрылыс үшін Жаңатас қаласынан ұзақ мерзімді жалға 4 га жер берілді.
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл кезеңде 20-дан астам адам жұмыс істейді. Толық іске қосылған кезде 75 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Зауыт жылына 50 мың тонна ас тұзын шығаратын болады. Өнім ішкі нарыққа да, экспортқа да негізделген.
Жобаны 2015-2019 жылдарға арналған ИИДБ-ға енгізуге құжат әзірленуде. Компания сондай-ақ, заманауи жабдықтар алуға кредит тарту бойынша екінші деңгейлі банктермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Зауыт осы жылдың екінші жартысында іске қосылады.
Әкімдіктің деректеріне сәйкес, жыл басынан бастап өңірдің тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары алтыны бар кен, фосфат шикізатын өндіру, қайта өңдеу көлемдерін едәуір ұлғайтты. Өңірде қант өндірісі 2,3 есе, фосфор 6,3 пайыз, алтын - 55,7 пайызға ұлғайды. Жамбыл облысы бойынша 2010-2014 жылдарға және 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына 46 жоба кірді.