09:05, 01 Наурыз 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында жаңа музыка және спорт мектептерін ашуға жергілікті бюджеттен 420 миллиондай теңге бөлініп отыр
ТАРАЗ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында жаңа музыкалық және спорттық мектептер ашу үшін жергілікті бюджеттен 420 миллионға жуық теңге бөлінді,
деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев аймақта тегін аула клубтарын, спорттық секциялар мен үйірмелерін жандандыру идеясына қолдау білдіріп отыр.
Таразда бес аула клубын ашу жоспарға енді. Оған қоса Жаңатас және Қаратау қалаларында, Қордай және Шу аудандарында екі-екіден клуб ашылады. Облыстың қалған сегіз ауданында бір-бірден аула клубтарын пайдалануға беру жоспарлануда.
Оған қоса, Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Жуалы және Шу ауданының таулы аумақтарында балалардың жазғы демалыс лагерьлері ашылғалы отыр.
Аудандар мен қала әкімдеріне сәйкес нұсқаулар берілді.