Жамбыл облысында жергілікті тұрғын авиабомбаға ұқсас зат тауып алды - ҚР ТЖМ

АНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - 3 мамыр күні Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Сасықкөл арнасының маңынан жергілікті тұрғын авиабомбаға ұқсас зат тауып алды.
None
None

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Төтенше жағдай орнына жеткен құтқарушылардың мәліметінше, табылған заттың ұзындығы 110 см, диаметрі 30 см, артқы бөлігінде стабилизаторы бар. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше оқиға орнына күзет қойды.

Соңғы жаңалықтар