Жамбыл облысында жұмыспен қамтылғандардың саны артып, жұмыссыздық төмендеді
Аймақ әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыссыздықты төмендетуде назар әлеуметтік қамтамасыз етуден тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтылуға аударылды.
«Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының» аясында шағын несиелендіру құралдары мен бизнес дағдыларына үйрету арқылы тұрғындар арасындағы кәсіпкерлік бастамашылықтың өсіміне көңіл аударылды.
Өткен 2011 жылы Жұмыспен қамту бағдарламасының аясында 2 875 адам 28 мамандық бойынша кәсіби оқытудан өтті (605, 1 млн. теңге игерілді), 20 адам кәсіпкерлік негіздер бойынша білім алды (0,9 млн. теңге игерілді), 20 млн. теңге несие берілді, 34 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды (2,6 млн. теңге игерілген).
Нәтижесінде, бағалау мәліметтері бойынша, 2011 жылдың IV тоқсанында экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың саны 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,6 мың адам өсіп, барлығы 557 мың адамды құрады.
Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі, үй шаруашылықтарын тексеру мәліметтері бойынша 2010 жылғы 5,7 пайыздан 2011 жылда 5,5 пайызға дейін төмендеді, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.