Жамбыл облысындағы кедендік бекеттерден күн сайын түсетін көлеңкелі кіріс көлемі 10 млн. теңгеге бағаланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жемқорлық қылмыстарын көбінесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасайды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылауға байланысты өткізген брифинг барысында хабарланды.
None
None

Жамбыл облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Камал Қабылбекованың айтуынша, өңірде басымдықты бағыттар бойынша алғашқы жартыжылдықта 80 қылмыстың беті ашылған.

«Құқық қорғау қызметкерлері жемқорлық қылмыстарын бәрінен көп жасайды - 25. Мемлекеттік сатып алу саласында - 25, кеден органдарының қызметкерлері - 22, жер қатынастары саласында - 3, салық саласында - 2, сот-атқару жүйесінде - 3 қылмыс анықталды», - деді ол.

«Жамбыл облысының Қырғызстан Республикасымен шекаралас орналасқанын, сондай-ақ, өңірде «Қордай», «Сыпатай батыр» және «Айша-бибі» сынды үш кеден бекеті барын ескере отырып, әсіресе, өңірдің шекара бөлігіндегі бұзушылықтарды баса назарға алдық», - деді Камал Қабылбекова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, пара көлемі 5 мыңнан 140 мың теңге аралығында болған. Күніне көлеңкелі кіріс көлемі 10 млн., ал айына 300 млн, теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар