Жамбыл облысындағы неміс ұлттық-мәдени орталығында католиктердің Рождество мерекесі атап өтілді

Олар - Николаус, Вайнахтсман және Санта Клаус. Және олардың барлығы балаларға сыйлық береді», дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген жамбылдық немістер қоғамының жетекшісі Елизавета Шефер.
Жұма күні жамбылдық немістер Германияда басты католиктер мерекесінің қалай тойланатыны туралы баян еткен қойылыммен католиктердің Рождествосын атап өтті.
Е. Шеффер ханымның айтуынша, Германияда мереке күні балалар үйме-үй аралап, рождестволық әндер айтады және сол үшін сыйлықтар алады.
Ал Сочельник, желтоқсанның 24-і күні католиктер әдетте шіркеуге барады, одан кейін мерекелік дастархан жайып, рождестволық қазды ортаға қояды.
«Рождество - әдемі отбасылық мереке»,- дейді Е.Шефер. 2009 жылы, Қазақстанның Германиядағы жылы, екі халықтың арасындағы достық қарым-қатынас нығая түсті, оған Жамбыл облысында тұратын неміс диаспорасы да өз үлесін қосты.
«Біз бір-бірімізді жақсы біліп-тани түстік. Қазақстандағы халықтың достық пен өзара түсіністіктің ортақ шаңырағының астында тұрып жатқанын, Президенттің саясатының арқасында өз тілімізді, дәстүрлерімізді сақтап отырғанымызды еуропалық қоғамға паш еттік», дейді Е.Шефер.