12:49, 20 Сәуір 2013 | GMT +5
Жамбыл облысындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері арқасында 211 млн. теңгені құрайтын екі жақты келісімдер жасалды
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің облысаралық ынтымақтастықты өзектендіру тапсырмасына сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуірінен 19-ына дейінгі аралықта Жамбыл облысында «Қазыналы Оңтүстік» Оңтүстік Қазақстан облысының күндері болып өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Іс-шара аясында, Тараз қаласының «Баласағұн» атындағы орталық концерт залының ғимаратында облыстық тауар өндірушілердің қатысуымен көрме өткізілді. Көрменің өткізілу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің өнімдері, облыстағы туристік нысандарының стендтері көрсетілді.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағының, «Оңтүстік» Индустриялық аймағының, «Шымкент инновация» ЖШС және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС қызметтері Тараз қаласының кәсіпкерлеріне таныстырылды.
Аталған іс-шараның шеңберінде жалпы сомасы 211,0 млн. теңгені құрайтын екі жақты келісім-шарттарға, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы меморандумға қол қойылды.