16:42, 01 Мамыр 2013 | GMT +5
Жамбыл облысындағы Отар гарнизонында әскери автомобиль аударылды - бір адам мерт болып, төртеуі жараланды
ТАРАЗ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Отар» әскери гарнизонында автомобиль аударылды - жүргізуші мерт болып, төрт адам жараланды.

Белгілі болғандай, автомобиль аэроұтқыр әскерлердің меншігінде болған.
Болған оқиғаның жай-жапсар туралы Қорғаныс министрлігі түсінік берген жоқ.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында «Отар» әскери базасында 7 мамырда, Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеруге әзірлік жүргізілуде.
Қазіргі кезде әскери база маңына әскери техника және бөлімшелердің жеке құрамы шоғырланған. Әскери шеруге барлығы 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам бірлік броньды машина және автотехника, 86 ұшақ және тікұшақ қатысады. Армия авиациясы ұшқыштары үшін арнайы лагерь тігілген.