Жамбыл облысының әкімдігі мен кәсіподақтар үшжақты келісімге қол қойды

Келісім Жамбыл облысында 2012-2014 жылдары келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу бойынша бағыттарды және іс-шараларды белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты болып табылады, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Жамбыл облысының әкімдігі мен облыс жұмысшыларының бірлестіктері мен облыс жұмыс берушілерінің бірлестіктері арасындағы келісім елдің әлеуметтік-экономикалық стратегиясын жүзеге асыруда ортақ жауапкершілікті қарастырады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ келісімде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалау, жоғары сапалы еңбек ресурстарына сұранысты қалыптастыру бойынша мәселелерді шешу, лайықты еңбек етуге және лайықты еңбекақы алуға жағдайларды жасау қарастырылған.