Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін, мамырдың 6-ы күні Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев құттықтады.
None
None

Жеңіс күнін атап өту қарсаңында облыс әкімдігінің басшысы ардагерлермен кездесіп, оларға «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» естелік медальдары мен сыйлықтар табыс етті.

«Баласағұн» орталық концерт залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болды. Мерекелік шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қалалық ардагерлер Кеңесінің өкілдері мен интернациолист-жауынгерлер қатысты.

«Біздің барлығымыз үшін Жеңіс күні - халықтық даңқтың асқар шыңы, фашизмді тас-талқан жеңген жауынгерлер ерлігінің мәңгілік естелігі», - деді жамбылдық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтаған Қ.Бозымбаев.

Аймақ басшысы Қазақстан Ұлы Отан соғысына халықтардың біртұтас отбасында қатысқанын және де қазақстандықтар әлемді фашизмнен құтқарған аға ұрпақтың ерлігін ешқашан ұмытпайтындығын атап өтті.

Салтанаты жиынның соңы Жамбыл облысынан шыққан Қазақстандағы танымал әртістердің қатысуымен болған мерекелік концертпен аяқталды, олар соғыс жылдарындағы ардагерлердің сүйіп тыңдайтын әндерін орындады, сахналық және хореографиялық қойылымдар қойды.

Соңғы жаңалықтар