Жамбыл облысының әкімі Сарысу ауданының серпінді нысандарында болды (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Сарысу ауданында жұмыс сапарында болды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Облыс әкімі кезекті жұмыс сапарын Ұ.Сыздықбайұлы ауылында орналасқан «Жаңарық» медициналық пунктінен бастады. Одан соң Сарысу орта мектебіне барды. Бұл нысанда жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың маусымында аяқталған болатын. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі К.Көкірекбаев Аралтөбе кен орны мен «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің хал-ахуалымен танысты. «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-ның жобалық құны 356,6 млрд. теңгені құрайды. Аталған кәсіпорындар аймақты қолжетімді бағадағы жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етумен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартпақ. Жаңатас қаласында облыс әкімі бірқатар білім беру нысандарында болды. Атап айтар болсақ, 280 орындық балабақшасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ орталық жылыту қазандығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын да көрді. Орталық жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізу үшін ұлттық қордан 215136,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1 жылу қазандығын ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Сонымен қатар облыс әкімі су және кәріз желілерін жүргізу жұмыстарымен де танысты. Өңір басшысының жұмыс сапары барысында болған тағы бір нысаны - «Қаратау» ТКӨК «Көксу» кеніші. Өнеркәсіптің ағымдағы жұмыстарымен және инвестициялық жоспарларымен танысқаннан кейін, кәсіпорын басшылығымен бірнеше мәселелер жөнінде ой бөлісті. Өнеркәсіп фосфорит кенін өндіру және өңдеу жұмыстарымен айналысады.

Соңғы жаңалықтар