Жамбыл облысының барлық аудандарында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіреді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын ақпараттық түсіндіру жөніндегі үгіт-насихат керуені жолға шығуға әзірленуде. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Автокеруен құрамында 100 адам облыстың барлық 10 ауданында ақпараттық-насихат жұмысын жүргізеді, - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова. - Шалғай аудандардың тұрғындарымен облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, жастар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері кездеседі».

Тараздың орталық алаңынан үгіт-насихат керуенін аттандыру 4 желтоқсанға таңертеңге белгіленіп отыр. Салтанатты шараға облыс, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер басшылары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысады.

Автокеруен құрамында 8 жүк машинасы бар, олар аудандар тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтан төмен бағамен жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар