Жамбыл облысының бюджетінен мүгедек балаларды қолдау үшін шамамен 980 млн. теңге бөлінген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан. Ведомствоның мәліметтерінше, биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, аймақта 42 181 мүгедек тұрып жатыр, соның ішінде 5 236-сы - балалар.
None
None

Оларды қолдау үшін облыстық бюджеттен 354,5 млн. теңге бөлінген, қалалық және аудандық бюджеттен тағы 623, 3 млн. теңге аударылған. «Мемлекет мүгедек арбаларын, тифло, сурдо және санитарлық-гигиеналық құралдарды сатып алуға қаржы бөліп, протездік-ортопедиялық көмек көрсетіп отыр», - деп түсіндірді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы Аида Өтеулина.

Оның айтуынша, бүгінде Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтарының желісі белсенді ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар