Жамбыл облысының Қаржы полициясы «Қан тамшысы» қайырымдылық акциясын өткізді
Оның барысында қаржы полициясы қызметкерлері департамент ғимаратында қан тапсырды.
Донорлық қан тапсыру - сырқат адамдарға құю үшін немесе медициналық препараттарды алу үшін өз еркімен қанын және қанның компоненттерін тапсыру. Қан әртүрлі апаттардан, жарақаттан және күйіктен зардап шеккендерге, күрделі операцияларды жасау кезінде қан ауруымен ауыратындарға өмірін сақтау үшін қажет. Статистика бойынша жер шарының әрбір 3-ші тұрғыны өмірінде бір рет болса да донорлық қанға мұқтаж.
Әр қан тамшысы біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, сондықтан Жамбыл облысының Қаржы полициясы қызметкерлерінің ойынша, әр сау және еңбекке қабiлеттi азамат бұл абзал iске қатысуы керек.
Осылайша, департамент қызметкерлері қанға зәру адамдардың алдындағы өздерінің азаматтық борышын өтеді.
Бұдан былай осындай акциялар департаментте өз жалғасын табады.