18:42, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жамбыл облысының немістер қоғамы «Достық керуенін» ұйымдастырды - Германияның Қазақстандағы жылы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Германияның Қазақстандағы жылы аясында Жамбыл облысының немістер қоғамы аймақ қалаларында «Достық керуенін» ұйымдастырды.
Кездесулердің үйлестірушісі Елена Гаккельдің айтуынша, немістер қоғамының өнер ұжымы осы ұл өкілдері шоғырланған Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларында және аудан орталықтарда болып, концерт қойып қайтты.
«Достық керуені» концерттік бағдарламасымен қоса әр елді мекенде біздің шеберлеріміздің қолдан жасаған бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды, Жамбыл облысындағы немістер қоғамының тіршілігі мен жетістіктері туралы баяндайтын стендтер орнатылды», - дейді Е. Гаккель.
Осы жоба аясындағы қорытынды концерт Мерке ауданындағы Жастар үйінде өтті. Кездесуге неміс диаспорасынан басқа түрік және өзбек этнобірлестіктерінің өкілдері де қатысты.