Жамбыл облысының шаруалары қант қызылшасын жинауда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Тараз қаласы мен Меркі ауданындағы қант зауыттарының өкілдері қант қызылшасының биылғы жылғы алғашқы өнімін жинауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Өңірде қант қызылшасын жинау науқаны басталды, деді Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері. Биылғы жылы «тәтті тамыр» 5,7 га аймаққа егілген. Қазанның алғашқы 10 күнінде 3,2 га жердегі өнімді жинау көзделіп отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, 2015 жылы қант қызылшасы 6,1 га жерге егілген. Олардың тек 3,9 га жерінен ғана өнім жинаудың мүмкіндігі туды. Орташа өнім гектарына 160-170 центнерден айналды. Қордай ауданының жекелеген алқаптарында сапалы тұқым мен тамшылатып суарудың алдыңғы қатарлы технологияларын қолданудың нәтижесінде шаруаларға «тәтті тамырды» рекордтық деңгейдегі гектарынан 700 центнерге жеткізудің мүмкіндігі туды.

Алайда, шаруашылықтардағы егістіктің басым бөлігінде өнім көлемі центнеріне 140 гектардан аспады. Қызылшаның майда түбірлері де пайдаға жарамсыз болып қалды. Сол себепті қант зауыттары оларды алудан бас тарты. Нәтижесінде қайта өңдеуге тек 52,8 мың тонна өнім ғана кетті. Бұл жалпы өнімнің 32,2 пайызы.

Айта кетейік, өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бері Жамбыл облысында қант қызылшасы 42 мың гектар алқапқа егілген. Өнім орташа алғанда гектарына 300 центнерден айналды. 1990 жылдардағы күрделі заманда оңтайландыру мен агроқұрылымдарды ұлғайту бағытындағы шаралар кезінде тажірибелі мамандар мен аталмыш өнімді егу технологиясынан біршама қол үзіп қалды.

Нәтижесінде 2009 жылы қант қызылшасының егістік көлемі өңірде 1,7 га аймақты қамтыды. Осы саланы дамыту мақсатында өңірде қолға алынған 2008-2012 жылдарды қамтитын бағдарлама нәтижесін бермеді. Кезінде 60-тан астам қызылша өндірумен айналысқан Социалистік еңбек ерлерін шығарған Жамбыл облысының шаруалары аталмыш кәсіп түрін дамытқылары келеді.

Соңғы жаңалықтар