Жамбыл облысының Шу қаласында тепловоздардың қақтығысуынан темір жол бойының 26 метр төсеміне зақым келді

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Кеше сағат 13:25-те Жамбыл облысының Шу стансасында маневрлік тепловоз бен резевтік электровоздың қақтығысуы орын алды.
None
None

Нәтижесінде электровоздың үш бөлігінің біреуі, тепловоздың бір жүк вагоны рельстен шығып кетті. Оған қоса, темір жол бойының 26 метр төсеміне зақым келді. Өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

14.07.2013 ж. түнгі 01.00-де апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстарына 68 адам мен Жамбыл темір жол бөлімшесінің апаттық-қайта қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум