Жамбыл облысының Талас ауданында су басқан үйлерден 150 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді

ТАРАЗ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Талас ауданында су басып қалған үйлерден 150 адам қауіпсіз аймаққа шығаралды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Бүгін таңертең Бөлтірік Шешен ауылында 3 көшенің 30 ауласын су басып қалды. Су басып қалған үйлерден 150 адам, оның ішінде 73 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді», - деді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов. 

Оқиға орнына Департамент басшысының басқаруымен Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің шұғыл тобы, Талас ауданы әкімдігінің өкілдері, мобилизациялы дайындық басқармасы,  дүлей апаттың салдарын жою мен алдын алу ұйымы аттанды. Сонымен қатар, облыстық жол полиция басқармасының ұйымынан топырақ артылған  12 «КамАЗ» көлігі жіберілді. 182 адам мен 33 техника бірлігі жұмылдырылды. 

Орын алған Төтенше жағдайдың салдарын жоюға байланысты штаб құрылды, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар