Жамбыл облысының Төле би ауылында орталық аудандық аурухана ашылды
Құрылыстың сметалық құны 3, 74 млрд. теңгені құрады. Аталмыш мекеменің құрылысымен «Компания Догду Билд» ЖШС айналысты.
Соңғы уақытта аймақтың демографиялық көрсеткіші 1000 сәбиге 20,53 пайыздан 22,7 пайызға артты. Сондай-ақ өлім көрсеткіші 8,1 пайыздан 7,9 пайызға төмендеді, ал туу көрсеткіштері 14,1 пайыздан 14,4 пайызға дейін өссе, сәби өлімінің көрсеткіші 17,8 пайыздан 16,5 пайызға төмендеді» , - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
Бүгінде 95 100 адамы бар Шу ауданында 143 дәрігер мен 618 медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Жамбыл облысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша барлығы 7 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы жоспарланған.
Осы жылы Тараз қаласында 500 адамға арналған қалалық аурухана пайдалануға берілді. Алдағы уақытта 300 керуеттік орынға арналған көпсалалы қалалық аурухана, 200 керуеттік орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасы, 200 орынға арналған облыстық көпсалалы балалар аурухана, сондай-ақ Жамбыл облысының Асы ауылында 250 орынға есептелген аудандық емхана пайдалануға берілмек», - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жандос Нәдіров.