Жамбыл облысының жастары үндеу қабылдады ? Жолдауды талқылау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСы. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда «дөңгелек үстел» басында бас қосқан аймақтық жастар бірлестіктерінің көшбасшылары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жолдауды талқылаудың қорытындысы бойынша жас белсенділер облыс жастарына үндеу қабылдап, дағдарыстың салдарын еңсеру бағытында мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларға толық қолдау білдірді. «Әлемдік экономикалық дағдарыс барша жұртқа әсер етті. Бірақ Елбасының биылғы Жолдауы келешекке сеніммен қарауға мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе әлеуметтік сала бойынша», делінген үндеуде.Жас белсенділер өз қатарларын азаматтық жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа шақырып, көмекке мұқтаждарды қамқорлыққа алуға, Үкімет қабылдап жатқан бағдарламаларға атсалысуға үндеп отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум