«Жамбыл» стансасынан Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша үгіт-насихат пойызы жолға шықты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Тараз вокзалынан «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын ақпараттық түсіндіру бойынша үгіт-пойызы жолға шықты.
None
None

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпараттық-үгіт пойызы өңірде 29 темір жол стансасына барады. Онда топ қатысушылары түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Жолдау - әлемдік дағдарыс кезеңіндегі ел іс-әрекетінің нақты жоспары», - деп атап өтті «Днiпро» украиндық этномәдени орталығының басшысы Федор Клименко. Президент осындай жауапты кезеңде бірлікті сақтап, ел игілігі үшін еңбек ету қажеттігін баса айтты. Елді мекенге ақпараттық топ мүшелері келген кезде олар Жолдау ережелерін ғана емес, сонымен бірге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жайлы жан-жақты хабардар ететін болады».

Бұдан бұрын Тараздың «Достық» алаңынан құрамында 100 адам бар автокеруен облыстың 10 ауданы бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуге аттанды. Бұдан басқа, автокеруен қатарындағы 8 жүк көлігі аудандар тұрғындарына нарықтағыдан төмен бағада 270 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді. Алыс ауыл тұрғындарына жылжымалы медицналық кешенмен тегін медициналық тексеру ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар