Жамбыл жол полициясының инспекторы ЖҚО бұзған жүргізушіден бір жарым келіден астам анаша тапты

ТАРАЗ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл жол полициясының инспекторы жол қозғалысы ережесін бұзған «Жигули» автокөлігінен бір жарым келіден астам анаша тапты.
None
None

Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Байзақ ауданының Бурыл ауылының 24 жасар тұрғыны басқарып келе жатқан «ВАЗ-21120» автокөлігін жол полициясының инспекторы Тұрар Рысқұлов ауданы орталығына жақын жерде жылдамдық ережесін бұзғаны үшін тоқтатты.

Күдікті көрінген көлікті тексеру кезінде полиция қызметкері оның салонынан бір жарым келіден астам анаша тапты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум