Жамбылдық аграрилер ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға құлқысыз

ТАРАЗ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбылдық шаруалар ауылшаруашылық техникасын лизинге алуға құлқысыз.
None
None

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңесте айтылды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, аймақтағы шаруашылықтардың еншісіндегі тракторлардың, қопсытқыштардың, тырмалар мен соқалардың 90-95 пайызында, дәнді жинайтын комбайндардың 75 пайызында қолдану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен.

Биыл 591,4 млн. теңгеге 143 техника сатып алынған. Бірақ жылда бұйыратын жаңа техниканың өзі аймақтағы шаруашылықтардың сұранысын жаппайды. Ал қолдағы әбден тозған құрал-жабдықтарды жөндеу шаруалар үшін тіпті тиімсіз.

Биылғы ауылшаруашылық маусымға облыстағы техниканың жалпы әзірлігіне тоқталсақ, орташа алғанда түрлі шаруашылықтардағы көрсеткіш 80-90 пайызға жеткен.

Облыстық ауыл шаруашылығы ведомствосының деректеріне қарағанда, жыл басында өңірдегі шаруашылықтарда 6 мыңға жуық трактор, бір мыңнан астам дәнсепкіш, 8 мыңға жуық топырақ өңдейтін машиналар болды.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев тиісті құзырлы органдарға жағдайды сараптап, аудан әкімдерімен бірлесе «Тараз» ӘКК, сервистік-дайындау орталықтары немесе «ҚазАгроҚаржы» АҚ жергілікті өкілдігі арқылы шаруаларға техниканы рәсімдеу тетігін жоспарлауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар