07:18, 29 Мамыр 2016 | GMT +5
Жамбылдық кәсіпорын тәулігіне 70 тонна макарон өнімдерін шығармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қызыл жұлдыз ауылындағы макарон және ұн фабрикасы өнімдерін ТМД елдері мен Ауғанстан нарығына шығара бастады, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Кәсіпорын толықтай озық технологиямен жарақтандырылған. Мемлекет қолдауының арқасында алынған қондырғылар үнемді әрі жаңа. Бұл электр энергиясына кететін шығынды азайтып, өнім көлемін еселеуге мүмкіндік берді. Алғашында мұнда тек 25 адам жұмыс істеген. Жақында жаңа құрал-жабдықтар алынып, цех кеңейгелі мамандар саны 165-ке жетті. Қазір тәулігіне 40 тонна макарон өнімдерін шығарады.
«Тәжікстан мен Ауғанстан, Ресейге жібердік. Егер бастама жақсы болса, біз тағы да құрал-жабдық қоямыз. Қазір тәулігіне 40 тонна шығарып жатсақ, цех іске қосылса, 70 тонна шығарамыз», дейді фабрика директоры Тұрсынбек Нұрбаев.