Жамбылдық полицейлер Қырғызстан азаматшасынан жеміс-жидек арасына жасырылған ірі героин тәркіледі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіна қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тараз орталығындағы қонақ үйлердің бірінің жанынан Ош қаласының тұрғыны, Қырғызстан Республикасының азаматшасынан ірі мөлшердегі героин тәркіледі. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіна қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Қалметовтың айтуынша, герион төрт полиэтиленді дорбаларға қапталып, сөмке ішіндегі жеміс-жидек арасына жасырылған. Бұндай есірткі мөлшерінің қара базардағы құны 60 мың АҚШ долларын құрайтын көрінеді.

Ұсталған азаматша есірткіні сату үшін алып жүргендігін мойындаған. Қазіргі таңда есірткі қалай жеткізілгендігі және оны қалай сатпақ болғандығы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар