Жамбылдық полицейлер өз қатарларын жемқорлардан тазартуда

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз клубында полицейлердің сыбайлас жемқорлықпен күресу және өз қатарларын жемқорлардан тазарту жөніндегі жұмыстарына арналған брифинг өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі полиция подполковнигі Роза Қалдыбекованың айтуынша, жамбылдық полиция өз іштеріндегі заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою жөніндегі ашық және жария саясат жүргізіп отыр. «Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Жамбыл гарнизонының басшысы, полиция-генерал-майоры Мейірхан Жаманбаевтың жетекшілігімен, басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып өз қатарларын парақорлардан, жемқорлардан, «погон таққан кездейсоқ адамдардан» тазарту үшін мақсатты рейдтер, операциялар, алдын-алу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Сыбайлас жемқорлық фактілерін қарау және қызмет этикасын сақтау жөніндегі тәртіп комиссиясы жылдың басынан бері дөрекі заң бұзушылықтарға жол берген полиция қызметкерлеріне қатысты 27 фактіні қарады», - дейді Р.Қалдыбекова. Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Елдос Мырзақожаев, ағымдағы жылы олардың қызметіне азаматтардан 162 шағым түскенін айтып өтті. 17 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды (былтырғы көрсеткіш ? 26), оның ішінде 11 қызметкер органнан қуылды. Департаменттің қызметкерлеріне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды (2008 жылы ? 7 іс), олардың екеуі - жемқорлықпен байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылыққа барған 5 орган қызметкері жазаға тартылды, полицияның атына кір келтіргендері үшін 3 қызметкер жұмыстан босатылды, 234 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Департаментте сенім телефондары жұмыс істейді. Облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаев аптасына бір рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Департамент басшылығы сондай-ақ азаматтарды қабылдау және жемқорлықпен күресудің барысын тексеру үшін аумақтық ішкі істер бөлімдеріне жиі шығып тұрады»,- дейді облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Р.Қалдыбекова.
Соңғы жаңалықтар
Референдум