08:04, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Жамбылдық полиция қызметкерлері қарулы Қырғызстан азаматын қолға түсірді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірнеше қаруы бар Қырғызстан азаматын қолға түсірді.

Бұл контрабандалық жолмен көрші елден әкелген қарулардың алғашқы тәркіленуі емес, деп хабарлады аймақтағы ІІД-нің баспасөз орталағы.
ІІД баспасөз орталығының жетекшісі, полиция полковнигі Роза Қалдыбекованың айтуынша, Мерке ауданы Гранитогорск ауылының жанында орналасқан су тоспасы арқылы мемлекеттік шекарадан өтіп бара жатқан сәтінде қолға түскен 63 жастағы қырғыз азаматының жол сөмкесінен Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, ПСН тапаншасы, әртүрлі калибрлі 55 оқ табылған.
Ұсталған азаматтың айтуынша, оған бұл қаруы бар сөмкені қырғыздың Александровка ауылында белгісіз адамдар бес мың сомға берген.
Қазіргі таңда күдікті азамат уақытша қамау изоляторына жеткізілді.