Жамбылдық ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 50 мың теңгеден алады

ТАРАЗ. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбылдық Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай 50 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек алады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Жеңіс күніне орай 50 мың теңге көлемінде ақша алады, деп түсіндірді әкімдіктен.

Сонымен қатар, ҰОС майдандарында қаза болған жауынгерлердің жесірлері 10 мың теңгеден алады.

Барлығы Жеңіс күніне бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар