Жамбылдықтар Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша Қытайдан келе жатқан керуенді күтіп алуға әзірленуде (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл мен Алматы облыстарының шекарасында 26 қыркүйекте Тараз қаласына қытайлық Сиань (Шаньси провинциясы) қаласынан Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша келе жатқан жаяу керуен экспедициясын қарсы алады.
None
None

«Сиань - Тараз» достық пен ынтымақтастық керуені Қордай ауданына ертең сағат 11.00-де келеді, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне телефон арқылы «Қазақстан дүнгендерінің қауымдастығы» этномәдени бірлестігін басқаратын «Жаңа Жібек жолы» халықаралық академиясы» ҚҚ президенті, экспедиция қатысушысы Хусей Дауров. - «Отар» бекетінен 15 шақырым жерде керуенді Жамбыл жерінде салтанатты қарсы алу рәсімі өтеді.

Еске салсақ, 2014 жылғы 19 қыркүйекте ежелгі сауда жолдары бойынша Сиань қаласынан «Қытай-Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» достық және ынтымақтастық керуені шыққан. Ауқымды акция ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолы экономикалық белдеуін құру туралы бастамасын қолдау аясында өтуде.

Шаньси провинциясында өсірілген Фуца емдік шайы тиелген 55 түйе мен 20 аттан тұратын керуен 8 қазанда Таразға қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында келуі тиіс болатын.

«Арал кемесін» Таң династиясы дәуірінің киімдерін киген керуеншілер, найзалы қарауылдар, түйе қомындарғы жүктер мен автомобильдер шеруі сүйемелдейді.

5 мың шақырымдық саяхатты ұйымдастырушылар Қазақстандағы дүнгендер қауымдастығы мен ҚХР, Сиянь «И-Зе Фуца» компаниясы. Қазақстандық тараптан Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Жаңа Жібек жолы» мәдени және экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық академиясы» қолдау көрсетті. Шараны ұйымдастырушылар - Сиань қаласының әкімшілігі, Алматы және Жамбыл облыстарының, Алматы қаласының әкімдіктері.

Соңғы жаңалықтар