Жаңа егін орағына дейінгі алдағы бес айдың ішінде Қазақстан 2 млн. тоннаға жуық астық экспорттай алады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жаңа егін орағына дейінгі алдағы бес айдың ішінде қазақстан 2 млн. тоннаға жуық астық экспорттай алады. Бүгін Халықаралық астық конференциясы барысында Қазақстан Астық одағының төрағасы Нұрлан Тілеубаев осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстаннан ағымдағы жылы наурыз айына дейін 400 мың тоннаға жуық арпа-бидай экспортталды. Сондай-ақ, осы мерзім ішіндегі астық баламасындағы ұнның экспорты 200 мың тонна шамасында болып отыр. Осыған орай, жаңа егін орағына дейінгі алдағы бес айдың ішінде 2 млн. тоннаға жуық астықты, сондай-ақ 1 млн. тоннаға жуық астық баламасындағы ұнды экспорттай аламыз деп айтуға толық негіз бар», деді Н. Тілеубаев.

Сонымен бірге, алдағы уақытта астық экспортына қатысты мемлекеттік қолдаулар жасалатынын еске салған одақ төрағасы, ендігі күні Қара теңізде де, Балтық теңізіндегі порттарда да Қазақстан астығының бәсекеге қабілеттілігі арта түсетіндігін атап өтті. «Бәсекелестікке келгенде Ресей мен Украинада әлі де астықтың мол екендігін айтпай-ақ қоюға да болады. Өйткені, Қазақстанға жақын осы екі ел де бүгінгі күні біздің астықпен бәсекеге түсе алмайды. Оған себеп, оның бірінде мұндай сапалы астық жоқ болса, екіншісінде баға бәсекелестігіне қатысты проблема әлі толық шешімін тапқан жоқ», деді Н. Тілеубаев.

Соңғы жаңалықтар