Жаңа экономика үшін кадрлар даярлауға біз де үлес қосамыз ? Т.Рысбеков, университет ректоры

ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде жаңа экономика үшін кадрлар даярлаудың қажеттігін атап көрсеткен болатын.
None
None
Сондықтан жоғары оқу орындарында білікті, түрлі салада әлемдік деңгейде жұмыс жасай алатын жаңа буын мамандарын қалыптастырудың маңызы зор. Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, съезд делегаты Тұяқбай Рысбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, бұл бағытта аталмыш университет алғашқы қадамдар жасай бастады. Бұған съезден кейін іле-шала «Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның рөлі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуі дәлел бола алады. Оның барысында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының аймақтық ресурстық орталығы ашылды. Бұл орталық он екі жылдық мерзімде оқытатын мектептерді ғылыми-әдістемелік қамтумен, жаңа оқулықтар мен білім жоспарларын жасаумен, жаңа жағдайда жұмыс жасайтын мұғалім кадрларын қайта даярлаумен айналысатын болады. «Ғалымдардың біліктілігін арттыра отырып, магистратура мамандықтарын көбейтіп, докторантура ашуды ойластырмақпыз. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде қойған міндеттерді орындауға қосқан үлесіміз болмақ», деді ректор.
Соңғы жаңалықтар