Жаңа орталық банктегі операциялардың көлемін кемінде 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді - Нина Жүсіпова
Бұл жайлы Банктің Басқарма төрайымы Нина Жүсіпова мәлім етті.
«Банктік технологиялар ақпараттық технологиялардың көлемімен байланысты. Жаңа орталық банктің операциялар жүйесіне және клиенттерге көп көрсетеді деп сенеміз. Мәселен ол операциялар көлемін кемінде 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біздің ІВМ компаниясымен ынтымақтастығымызға 13 жылдан асты», - дейді Нина Жүсіпова. Оның айтуынша, бұл олардың бірлесіп жүзеге асырып отырған 2-ші жобасы болып отыр. Бұған дейін олар 2004 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы үшін көне рухпани жазбалардың сандық тұрғыдан жұмыс жасауына мүмкіндік берген болатын.Бұл Эрмитаж бен Александрия кітапханаларында жұмыс жасайтын сандық технология еді.
Банк мәліметтерін өңдейтін жаңа кешен 1200 шақырымнан аса қашықтыққа бөлінген 3 орталықтың алғашқысы болып отыр. Бұл инфрақұрылымның іске қосылуының арқасында келешекте клиенттердің шоттары бойынша тәулік бойы қызмет көрсетіледі. Клиенттер де операцияларын аптаның кез келген күні, қалаған уақытында жүргізе алады. Құны 10 миллион АҚШ долларын құрайтын аталмыш жобаны іске асыру арқылы банк энергия жағынан тиімді және апатқа қарсы тұра алатын ақпараттық технологиялық инфрақұрылымын іске қоспақ.