Жаңа заң арқылы көші-қон саясатын жетілдіру қолға алынады - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіхалықова

анның 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -«Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң жобасы арқылы Қазақстандағы көші-қон саясатын жүйелі жетілдіру қолға алынады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде көші-қон саласындағы заңнамалардың халықаралық тәжірибесіне арналған семинар  барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова осылай мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Халықтың көші-қоны саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру қажеттілігі - ел экономикасы дамуының негізгі бағыттарымен байланысты көші-қон үрдісінің артуынан, жүргізіліп отырған демократиялық саясаттан, отандық еңбек нарығындағы қалыптасып отырған сұраныс пен ұсыныстың жағдайынан туындап отыр. Соңғы бірнеше жыл қатарынан елімізде көші-қонның оң сальдосы сақталуда. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері тарихи отанына 750 мыңнан астам қандасымыз оралды. Соңғы бес жылда елімізде ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына байланысты Қазақстанға шетелдік жұмыс күшінің әкеліну көрсеткіші де үш еседен астамға өсті. Жыл сайын ішкі миграция үдерісіне шамамен 300 мыңдай адам тартылады және бұл үдерістің стихиялы жүруі әлеуметтік тәуекелдерді көбейтіп, еңбек нарығындағы жағдайды қиындатуда», деді Г. Әбдіхалықова.

 Сонымен бірге, осы саладағы туындап отырған проблемаларға тоқталған министр, бұны негізінен ұлттық көші-қон заңнамасының кемшін тұстарымен және Қазақстан заңнамасы мен еуразиялық басқа елдердің заңнамаларында сәйкестіктің, бірізділіктің жоқтығымен байланыстырады.

«Бұл ретте республикадағы көші-қон ахуалының әлсіз тұстарына бірқатар мәселелерді жатқызуға болады. Атап айтқанда, көші-қонның оң сальдосының қысқаруы, иммигранттар санының азаюы (2008 жылы - 47 мың 654 адам, немесе 2007 жылғы көрсеткіштен екі еседен астамға кем), эмиграцияның өсуі, ішкі көші-қон үдерісінің реттелмегені, заңсыз көші-қонның сақталуы саладағы проблемаларды өткір күйінде қалдырып отыр. Сондықтан да, көші-қон саясатын жүйелі жетілдіру ісі қолға алынуда. Ондағы мақсат елдің геосаяси жағдайын ескере отырып, көші-қон үдерістерін басқару саясатын жаңарту, көші-қон үдерістерінің теріс салдарын азайту, Қазақстанды жедел экономикалық дамыту үшін миграцияны пайдалану болып табылады. Осыған байланысты ұлттық мүдделерді қорғаумен үйлестіре отырып, көші-қон саясатын ырықтандыру, көші-қон саясатының әлеуметтік-экономикалық және демократиялық саясатпен үйлесімді байланысын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттік басқару тетігін оңтайландыру және көші-қон үдерістерін реттеу тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету шараларына баса назар аударылатын болады», деді Г. Әбдіхалықова.

Соңғы жаңалықтар