16:56, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Жаңа жағдайда Ассамблея шын мәнінде жалпыазаматтық, саясаттан жоғары тұрған және жалпыхалықтық институт болуы тиіс - Н.Назарбаев
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Жаңа жағдайда Ассамблея шын мәнінде жалпыазаматтық, саясаттан жоғары тұрған және жалпыхалықтық институт болуы тиіс.
Бұл туралы бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде.