Жаңа жыл қарсаңында сот қызметкерлері балалар ауылында болды - БҚО

ОРАЛ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жаңа жыл қарсаңында облыстық сот судьясы Жаңылдық Қашқынбаева,
None
None

№2 Орал қалалық сотының төрайымы Маржангүл Ақбергенова бастаған сот қызметкерлері Оралдағы отбасылық үлгідегі балалар ауылында болды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен Аманкелді Шахиннің хабарлағанындай, олар балалардың тұрмыс жағдайларымен танысып, мерекелік тарту-таралғылар жасады. Балалардың №3 тұрғынжай коттеджіне қос камералы мұздатқышты сыйға тартты.

Кездесуде сөз алған балалар ауылының директоры Ғалия Семғалиева тәрбиеленушілердің жағдайларымен таныстыра келіп, балалар қайырымды жандардың, кәсіпкерлердің, көптеген мекемелер мен еңбек ұжымдарының, соның ішінде соттардың да демеушілігі мен қамқорлығына бөленіп отырғандығын атап көрсетті. Мәселен, балалардың құқықтарын қорғау мен құжаттарын реттеу мәселелерімен азаматтық істерді қарауға маманданған №2 Орал қалалық сотында жиі болып, судьялар мен сот қызметкерлерінің құқық көмектеріне жиі жүгінетіндігін және қолдау мен қамқорлық сезініп отырғандығын тілге тиек етті.

Балалар үйінің өнерпаздары қонақтардың құрметіне жаңажылдық шыршаның жанында концерт қойды. Балалар үйінің жанындағы «Мұрагер» өнер мектебінің «Ай Ару» тобының ырғақты билері мен жас талант Бекболат Жантурин шырқаған «Өз үйім», «Әкелер» әндері жанды баурап, жүректі тебірентті.

Соңғы жаңалықтар