18:06, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жаңа жыл қарсаңында Тараздың «шырша базарларында» тек шырша бұтақтары ғана сатылатын болады
ТАРАЗ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жаңа жыл қарсаңында Тараздың «шырша базарларында» тек шырша бұтақтарын ғана сату жоспарланып отыр, ал полицейлер бұл күндері облыс орталығындағы отырғызылған шыршалардың сақталуына айрықша көңіл бөлетін болады.

ҚазАқпарат тілшісіне Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай. жаңажылдық басты шыршаның шамдары Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында жағылды. Сонымен қатар, бес зәулім шырша қаланың басқа жерлерінде де орнатылған.