Жаңа жылда Жаңақала ауданында әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр - БҚО

ОРАЛ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жаңа жылда Жаңақала ауданында әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр.
None
None

Аудан әкімі Лавр Хайретдиновтың айтуынша, ауданда көптеген мектептер, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет үйлеріне көптен бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Сол себепті биыл облыс әкімдігінің қолдауымен аудандық аурухананы, Жаңақала орта мектебін, Жаңақазандағы М.Жүнісов атындағы орта мектеп жатақханасы мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияны, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округіндегі дәл осындай емдеу мекемесін күрделі жөндеу көзделіп отыр. Сонымен қатар аудан орталығынан үлкен емхана құрылысын бастау жоспарда бар. Бұлардың барлығының да жобалық-сметалық құжаттары дайын.

Қаржы мәселесі шешілсе, Жуалыой, Мұқыр, Сарыкөл және Жангелді елді мекендеріне газ тартылатын болады.

Аудан орталығы Жаңақала жыл сайын кеңейіп келе жатыр. Көптеген адамдар инженерлік коммуникациялар тартылмаған жер телімдерін алып, кейбіреулері баспана тұрғызып үлгерген. 2012 жылы инженерлік жұмыстарды атқаруға 90 млн. теңге бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар