Жаңа жылдан бастап төртінші сәбиін дүниеге әкелген анаға 70650 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді

ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жаңа жылдан бастап төртінші сәбиін дүниеге әкелген анаға 70650 теңге көлемінде жәрдемақы төленіп, бала күтімімен отырған әр айына 12011 теңге алатын болады.
None
None

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Елбасы Жолдауына сәйкес елімізде әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жалақы мен зейнетақы, жәрдемақы жыл сайын өсіп отыр. Қазақстанда төрт баласы барлар көп балалы болып есептеледі. Сондай-ақ 2010 жылы жеті және одан да көп бала тауып, тәрбиелеген анаға - «Алтын алқа», алты бала өсіргендерге «Күміс алқа» беру ойластырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар