Жаңаарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Ерлан Қошанов бүгін Жаңаарқа ауданының жаңа әкімін тағайындады. Бұл қызметті енді Юржан Бекқожин атқаратын болды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты .
None
None

Бекқожин Юржан Асанұлы 1961 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1991 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2004 жылы Қарағанды қаржы институтын бітірген. Біліктілігі бойынша зооинженер, экономист-қаржыгер.

 1994  жылдан бастап 2016 жылға дейін Шет ауданы әкімінің, одан кейін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 
2016 жылдың тамызынан бері Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жетекшілік жасады.

 - Сіздердің барлықтарыңызға белгілі, өкінішке орай аудан әкімінің қызметін атқарған Ғабдрахман Игілікұлы Омаров денсаулығына байланысты лауазымынан босату туралы өтініш жазды. Ол өзіне жүктелген міндеттерді тамаша атқарды. Біз барлығымыз Ғабдрахмен Игілікұлына тез сауығып кетуін тілейміз. Ал сіздер Юржан Бекқожинді жақсы танисыздар, себебі ол осы ауданда әкімнің орынбасары қызметін атқарған, - деді Ерлан Қошанов Жаңаарқа ауданының активіне жаңа әкімді таныстыру барысында. 

Соңғы жаңалықтар