Жаңақалада Мәмен күйші кесенесінің құрылысы басталды

ОРАЛ. 28 шілде. ҚазАқпарат - Жаңақала ауданы Пятимар ауылы тұсында атақты күйші Мәмен Мұратұлының кесенесін тұрғызу қолға алынды.
None
None

Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бұл іске кәсіпкер, Жаңақала ауданының түлегі Серік Бекқайыров демеушілік көрсетуде. Ол құрылысшыларды да өзі тауып әкелген.

Орны өзгерер зиратқа күйші сүйегін апарудың өзіндік қиындықтары бар. Сондықтан аудан әкімі Лавр Хайретдинов бұл істі аруақтарға арнап арнайы құрбан шалып, ауыл-аймақтардағы ақсақалдардың келісімі мен батасын алудан бастады.

Сөйтіп, көптің келісімінен кейін Пятимар ауылы тұсындағы үлкен күрежол жанынан кесененің қазығы қағылып, құрылысшылар іске кірісіп кетті.

Күйші кесенесін қыркүйек айында аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қатар Пятимар ауылына Мәменнің есімін беру мәселесі де көтерілуде.

Соңғы жаңалықтар