11:17, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жаңақалада жаңа мешіт пайдалануға берілді
ОРАЛ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында 450 орындық жаңа мешіт пайдалануға берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қос қабатты мешіт үйі «Ізгі нұр» қоғамдық бірлестігінің (жетекшісі Сабыржан Ихсанов) бастамасымен, демеушілердің қаржысына салынды. Оған 35 миллиондай теңге жұмсалды.
Бұл - аудандағы екінші мешіт.