Жаңақорған ауданында ауызсу мәселесі әлі күнге шешімін таппай отыр - С. Әйімбетов

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы елді мекендерде Кеңес одағы кезінен бері ауызсу мәселесі шешімін таппай отыр.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы 28 елді мекенде тұратын 36 мың халық әлі күнге ауызсу тапшылығынан зардап шегіп келеді. Расында, бұл елді мекендерде бұрынғы Кеңес одағы тұсында да осы проблема дүркін-дүркін көтерілгенімен, түпкілікті шешімін таппаған еді. Кеңес одағы ыдырап, тәуелсіздігіміздің 18 жылдығына қарамастан, бұл өңірде ауызсу мәселесі әлі де өзекті проблема күйінде қалып отыр. Осыған орай, Үкіметтен «Талап- Сырдария» топтық су құбырларын іске қосу мәселесін жеделдетуді, сондай-ақ осы өңірдегі «Талап» жерасты су қорларына зерттеу жүргізуді сұраймыз», деді С. Әйімбетов.

Соңғы жаңалықтар