07:45, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жаңақорған ауданында күрестен республикалық турнир өтті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Аққорған ауылында Кеңестер Одағының Батыры Әнуар Әбутәліпов атындағы орта мектепте 1994-1995 жылы туған жасөспірімдер арасында батырды еске түсіруге арналған балуандардың Республикалық IV турнирі болды.
Турнирге Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысынан, сондай-ақ Қызылорданың барлық аудандардан 112 спортшы қатысты. Сайыста 8 салмақ дәрежесі бойынша Аққорған ауылының жасөспірім спорт мектебінің өрендері командалық есепте алға шықты. Жарыс қорытындысында жаңақорғандық Н.Байзақов "түйе палуан" деген атты иемденді.